ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ “Бөкен-Жәнібек” базарында
Халықты алда келе жатқан қаңтар айында өтетін сайлауға үгіттеу мақсатында мәжіліс депутаттығына үміткер Еділ Жаңбыршин өзінің сенімді өкілімен бірге, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұлдыз Муханбетқалиқызымен қаладағы "Бөкен-Жәнібек" базарына барды.
Кездесу кезінде базардағы кәсіпкерлерге “NurOtan” партиясының сайлауалды бағдарламасы мен алға қойылған мақсаттары айтып жеткізілді.
Үгіт-насихат кітапшалары базарда сауда жасап тұрған 54 кәсіпкерге және 13 сатып алушыға таратылды. Көпшілік сайлауға баратыны және “Nur Otan” партиясын жақтап дауыс беретінін айтты.
#NurOtan
#Zhanaozen
