Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО — көрген де арманда, көрмеген де

"Келгенше қонақ ұялар, келген соң үй иесі ұялар" демекші, бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің басты міндетінің бірі - "ЭКСПО - 2017" мамандандырылған халықаралық көрмесіне келетін 5 млн. қонақ алдында қазақтың абройын, даңқын асқақтатып, мерейін өсіру болса керек.

Намысты қолдан бермейтін елміз ғой. Білуімше, дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. 93 күнге созылатын бұл "мерекеде" шетелдік шығармашылық ұжымдарымен бірге, республикамыздың алдыңғы қатарлы өнер өкілдері, спорт шеберлері мен талантты жастары мәдени және спорттық іс-шараларда өз өнерлерін көрсетеді. Көрме аясында 3,5 мыңға жуық іс-шара өткізілуі жоспарланған.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасы Қазақстанның басты байлығы - көпұлтты халқының бірегей мәдениеті мен өнерінің жетістіктерін кеңінен және жан-жақты таныстыруды көздейді. Сол себепті бағдарламада қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрін ашатын шараларға ерекше көңіл бөлінген.

Көрме аясында өтетін барлық мәдени және спорттық шараларды  http://expo2017culture.kz/kz сілтемесі арқылы өтіп, "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-көріністік және спорттық іс-шаралардың КЕШЕНДІ БАҒДАРЛАМАСЫ"-нан табуға болады.

Бұл кешенді бағдарламаны әзірлеу үшін соңғы екі жыл бойы ауқымды жұмыстар жүргізілген екен. Сайт тестік режимде 16 қаңтарда іске қосылды.

Көрме барысында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, елордамыз Астананың гүлденуі мәдени шаралар арқылы Астана қаласының барлық сахна алаңдарында көрсетілетін болады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Кешенді бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде әлемдік аренада Қазақстанның оң имиджі қалыптасып, еліміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрі халықаралық деңгейде насихатталмақ.

1
0
669

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО — көрген де арманда, көрмеген де - Yvision.kz