Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЭКСПО Қазақстан үшін қаншалықты маңызды?

Асыға күткен дүниежүзілік көрме«ЭКСПО – 2017» 10 маусым күні Астана қаласында айқара есігін ашты.  Еске сала кетсек, 2012 жылы 22 қарашада ХКБ – нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында жасырын түрде дауыс беруде Астана бәсекеге түскен Льеж қаласынан 59 дауысқа көп алып жеңіске жетті. Ал бұл көрме дәл Астанада өтуінің басты себебі, «Болашақ энергия» тақырыбы ХКБ-ның 103 мемлекетінен қолдау тапты. 3 айға созылатын көрмеге 2,5 миллиондай халық , 100 елдің өкілдері келеді деген жоспар іске асырылды. Себебі Astana EXPO TV – ның жариялауы бойынша тамыздың басында 2 млн-шы болып Орал қаласынан келген турист  тіркелді. Барлық келушілерден 85% қазақстандықтар болса, қалған 15% шетелдіктер құрады.

ЭКСПО – ның басты ғимараты Қазақстандағы ұлттық павильон(Нұр әлем) сегіз деңгейден құралған, сондағы туристтік сапарды ең биік 8-ші деңгейден бастайды. Туристтерді аң-таң қалдырғаны ол - павильонды толығымен аралау үшін шамамен 3-4 сағаттарын алады. Бірақ оған қарамастан Нұр әлемде салт-дәстүрден басталып, жеткен ғылыми жетістіктеріміз озық технология мен жаңа инновациялар арқасында кеңінен көрсетіледі. Әрі Астананың «Болашақ»  атты композициясыда бар,онда 2050 жылғы елорданың келбеті көрсетілген. Энергетика саласында келушілер ғарыш, күн мен жел, биомассалар,су және кинетикалық энергияларымен 3 D жүйесі, қызықты интерактивті ойын- сауықтар арқылы таныса алады.

 
       Бұл ерекше павильон туралы атақты Ресей блогері Сергей Никитский 

экспозицияны 3 күн аралап объективті пікір айтты: «Ерекше есте қалғаны 

Қазақстанның ұлттық павильоны болды. 8 этаждық тамаша экспозиция тек 

үлкен жастағы кісілерге ғана емес , бүлдіршіндерге де қызықты болатындай 

неше түрлі ойын түрлерін көруге болады. Бұл әлемдік энергетика туралы

жаһандық деңгейде ой қалыптастыруға көмектеседі.  Астана Дубай секілді

жаңа қала екен. Басынан бастап соғыла бастаған Астанадағы кең проспектілер, 

биік таңғажайып ғимараттар тамаша әсер қалдырады.» 
 

Ендігісі бәсекеге түскен павильондардың арасында Германия өзінің лазерлік шоуымен туристтерді қызықтыра алды. Мұнда келгендерге смарт стик  беріледі,бұл жеке жәдігерлерді іске қосып түрлі мағлұматты алуға , жұмыс істеу принциптерін түсінуге көмек береді.

Тағы есте қаларлық павильондардың бірі ол – Ұлыбритания павильоны.1851 жылы дәл осы мемлекетте Лондон қаласында ЭКСПО өтті, урбанизация мәселесін шешуде «Ақылды қала» технологиясын дамытуда әлемдік көшбасшы,ал алғаш рет сол жылы жел генераторлары іске қосылды. 78 нобель сыйлығын иеленген бұл ел ғылыми жаңалықты өмір салтына айналдырған, бұл тәжірибесімен бөлісіп отырған Ұлыбритания Қазақстанға берер пайдасы зор екеніне сенімді.

Ал таңдай қақтырарлық жағдайды Жапония павильонынан көре аласыз, себебі табиғи байлығы болмағанымен, 1 тамшы мұнайы жоқ ел сутегімен жүретін көліктердің санын көбейтуде,күн,жел және су – олардың басты байлығы. Ал бұл көрменің «Болашақ энергия» атты тақырыбын толығымен ашуға бірден-бір дұрыс бағыттаушылардың бірі болмақ.

Дүниежүзілік көрменің ерекшелігі қандай?

Әр қадам -ол энергия.

Адамдар жолда жүріп, секіріп, билеп электр қуатын өндіре алады. Бұрын мүмкін емес болып көрінгенімен, ал қазір әбден мүмкін. Кинетикалық энергияны электр қуатына айналдырып одан кеспе тастарды жасауды британдық компания ұсынды. Ал ол  қазір Астананың бизнес центрлерінің холлдарында орнатылған. Болашақта халық көп жүретін жерлерге орнату арқылы энергияны тиімді жол арқылы алатын боламыз.

Болашақ үйлер жобасы.

Ақылды айна сыртқы келбетіңізге қарап денсаулық жағдайыңызды анықтап береді. Егер де нашар болса, оны арттыру туралы ақыл-кеңестер береді.

Ақылды кір жуғыш машина киімнің қаншалықта кір екенін анықтап, қанша мөлшерде ұнтақ салуды,қандай температурада жуу керектігін айтып отырады.

Ал ақылды тоңазытқыш тағамның сақтау мерзімі өтіп кетсе, жақын арада орналасқан супермаркеттен керекті тағам түрлеріне тапсырыс береді.

ЭКСПО көрмесі туралы ойлар қандай?

 
       Қытайдан келген оралман қазақ Қаулан Құсайынхан: « Астана EXPO 2017 – 

бұл Қазақстан үшін өзінің жетістіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік. Волонтер

 ретіндеҚазақстандағы көрме туралы қытайлықтарға көптеген мағлұматтар 

беруге көмектесемін.Кең масштабты қала әлемге жаңа қырынан ашылуда.» 
Ал оның әйелі Американдық антрополог студенті Джулия Маклейн: 

«Мен қазақша 1 жыл бойы үйрендім. 6жыл бұрын Астанаға келгенмін,бір 

көріністен осы қалаға ғашық болдым,әрі өз махаббатымды дәл осы Астанадан 

таптым, мұнда өз үйіміздей сезінеміз.ЭКСПО – да 1 ай жұмыс істедік, 

тағыда 1 ай болатынымызды жоспарлап отырмыз», - деген пікірімен бөлісті.
Полина Гагарина: « 10 жылдан кейін Астананы танымай қалмауда мүмкінбіз,

ол бір орнында тұрмайды, ол болашақта технологиялық прогрессивті 

қала болатынына сенімдімін.»
 

Жалпы, Қазақстан 1991 жылы тәуәлсіздік алған сәттен бастап қаншама ірі жобаларға, іс – шараларға қатысып бәсекеге түсе алатынын көрсетіп келді. Ал бүкіл елді өзіне қаратқан  «ЭКСПО 2017» көрмесі арқылы Қазақстан кең масштабты іс – шараны әлемдік деңгейде өткізе алатынын дәлелдеді.

@Its_fatima

1
0
7211

Осы тақырып бойынша

ЭКСПО Қазақстан үшін қаншалықты маңызды? - Yvision.kz