«экономикалық әлеуетті жақсарту»
Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9 пайызға дейін төмендетуді жоспарлап отырғанымызды айттым. Сөз соңында белсенділердің қойған сұрақтарына жауап беріп, еңбектеріне табыс тілеп, еліміз үшін, қаламыз үшін атқарылар әрбір істе белсенділік танытып, “Nur Otan” партиясымен бірге қызмет атқара беруге шақырдым.
Партия бақылаушылары мен белсенділердің үйлестірушілері партияның осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарына көңілдері толатынын айтып және алда атқарылатын жұмыстарына сенім білдіріп, “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беретіндерін жеткізді.
