Экологияны қорғау қоғам назарында
«Барыс 2007» Елімізге «Мадина» брендімен танымал болған макарон өнімдерін шығаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ZOOM желісінде өткен жиналыста ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің Қазақстан халқына арналған Жолдауына сәйкес «Экология және биоалуантүрлілікті қорғау» тақырыбы талқыланды.
Кездесу кезінде жас кәсіпкерлер мен еңбек ұжымы «Адам баласы табиғат қорларын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан оларды ғылыми негізде қайта түлете отырып пайдалану және қорғау мақсат. Табиғат заңдарында көрсетілген ұстанымдар мен ережелерді орындау әрбір азаматтың міндетті борышы», – деген ойға тоқталды.

Табиғат қорғау және экология ғылымдарының түпкі мақсаты – табиғат қорларын сақтау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Табиғат қорғауды жүзеге асыру үшін оның негізгі бағыттарын, заңдарын, ұстанымдарын білу әрбір азаматтың борышы. Сондықтан осы айтылған жағдайларды бәріміз саралап табиғат алдындағы жауапкершілік әркез есте болсын.
