Экологиялық тәрбие мәселелері
18 қараша «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Президенттің Жолдауы аясында экологиялық тәрбие мәселелерін талқылау бойынша ауданның бастауыш ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.
Диалог алаңының негізгі спикері "Атамекен-Отан" ҚБ және "Жерге бақ сыйла" қоғамдық қорының төрағасы Юрий Гашек болды.
Юрий Львович Павлодар ауданының Даниловка ауылында экологиялық бағыттағы бірнеше жобаны жүзеге асыруда.
Кездесу онлайн форматта өтті, оған жастар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Юрий Львович экологиялық білім берудің негізгі принциптері туралы айтты. "Өз аулаларыңды ретке келтіру керек", - деп кеңес берді ол, "экологиялық" мәдени " азамат болу үшін не істеу керек?" деген сұраққа "Біздің балаларымызға үлгі болу керек", "Балалар біз жасаған нәрсені жасайды" - деп жалғастырды Юрий Львович.
