Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының жоспарына сәйкес экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Төрағалық етуші: Түсіпқалиева Аягөз Сатқанғалиқызы ZOOM арқылы жүргізді.

Отырысқа кеңес мүшелері: М.М.Гильманов – Мұратсай ауыдық округ әкімі, Ж.О. Гумаров – туризм және экология орталығы, Ғ.Қ. Бисенғалиев – қоршаған ортаны қорғау инспекциясы, С.К. Рамазанова және шақырылғандар: Қайырғалиева Лариса Тельманқызы- мәслихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, Елемесов Куаныш Елеуұлы - партиялық бақылау комиссияның төрағасы қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібіне төмендегі екі мәселе ұсынылады:

1.Отырыста күн тәртібінде аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жай-күй туралы тыңдалды.

Баяндамашы: Бөкей ордасы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы басшысы Рамазанова Света Кадемиевна.

Күн тәртібіндегі мәселе талқыланып экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңесі отырыс барысында тиісті ұсынымдар айтылып, қаулы қабылданды.

0
0
230

Осы тақырып бойынша