Экология тақырыбы - ауадай қажеттілік
«Nur Otan» партиясы Бостандыық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбыловтың модераторлық етуімен болып өткен іс-шараға Бостандық ауданы экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас инспекторы Бағдат Өтешов, азаматтық сектордаың өкілдері: «Қасиетті Жол» қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі – Динара Ерлан, «Дауыл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Бекежан Тоққожаев және аудан жастарының бір топ өкілдері белсене қатысты.
Алдымен кәсіби эколог-маман бұл тақырыпта кеңінен әңгімелеп беріп, жастардың қызығушылығын оятты. Бұрынғы кәсіби эколог Пернебек Сауытбековтың да өз айтары мол боп шықты. Модератор өз кезегінде қала көшелерінен Камазбен тонналап қар қала сыртына тасылатыны, одан экологияны сақтаймыз деп артық керек емес жағар май жағып, екіншіден кептелісті көбейте түсіп, соншама уақыт кетіріп жылда босқа шығындалатынымызды тілге тиек етек еле, қарды алысқа тасымай-ақ ауданның аймағында бір жерге жинап, оны жағып жіберуді қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ қар мен мұзды еріту үшін тонналап тұз бен құм шашылатыны, шашылған құмның жол шетіндегі гүл мен ағаш өсіп тұрған жердің қара топырағына араласып, оның сапасын құртатынын айта келе осылардың шешілу жолдарын қарастыруды ұсынды.

