Экология саласындағы сыбайлас жемқорлық мониторинг қорытындылары қаралды
2020 жылғы 13 қарашада «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшының м.у.а. Н. Самет қатысуымен БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген экология саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары қаралды.
Сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бекітілген жоспардың орындалуы туралы Батыс Қазақстан облысының бойынша экология департаменті басшысы Е.Қуановтың есебі тыңдалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Н. Самет инспекторларға бақылау және қадағалау субъектісіне барып тексеру жүргізу кезінде фото және бейне жазбаға түсіру арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
Батыс Қазақстан облысының бойынша экология департаменті қызметінде анықталған экология саласыңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жою бойынша шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауында болады.
