Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Екеуіміз бір жандай «Аудио өлең (Аудио поэзия)»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Султонали Рахматов «Душа на двоих»

Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынғын «Белгісіз»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Мынау жүрек, тынбай соғады,

Толқытып тағы, көңілді.

Бұл көңіл, қайда барады?

Бір мезгіл, тыңдамай сөзімді.

 

Келемін-ау өзіңе, мен қалай?

Сезімге мас болдым, оянбай.

Сергелдең, сергелдең тоқтатпай,

Әкеттің-ау, сен сезім сұрамай.

 

Қарашы жаным, мынау, бар маң,

Қуанып бізбен, тұрғандай.

Аялап жатыр-ау, бізді таң,

Ақ нұрын төгіп, аянбай.

 

О ғажап, екеуіміз бір жандай,

Жібердік тілек, ғарышқа.

Қуанып олда, тұрғандай,

Куә болып, біздің бақытқа.

1
1
421

Осы тақырып бойынша