Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Егемен елім тарихыңа қанықпын!

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті мереке!!! Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсаты орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттігін бұдан 30 Жыл бұрын жариялаған болатын. Елбасымыздың тарихи рөлі ерекше, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, қиындыққа толы осы жолда толағай табыстарға қол жеткізді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі өсіп-өркендеуі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Келешекте қазақ елім бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізеді деген үміттемін! Егемен елім тарихыңа қанықпын! Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп, берекесі мен бірлігі артсын! Мен осындай Тәуелсіз мемлекетте туып-өскенімді, оның тарихы менің тарихым екенін мақтан тұтып, болашақ ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімді қосамын!

0
0
156

Осы тақырып бойынша

Егемен елім тарихыңа қанықпын! - Yvision.kz