«Е-қызметті» түсіндіру бойынша семинар
2017 жылдың 22 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері Теректі ауданының мемлекеттік мекемелерінің персоналды басқару қызметкерлерімен «Е-қызмет» ЫАЖ облыстық мекемелерде автоматтық режимде жүргізу бойынша семинар кеңес өткізілді.
Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Н.Ильясов «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін автоматтық режимде жүргізу» туралы және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
