Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар

2015 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бірлесіп «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті  департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев ашты, департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш өз баяндамасында «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы жалпы түсінік берді және бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері туралы кеңінен тоқталып өтті. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Сабирова мемлекеттік органдарда «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу жөнінде баяндама жасады.

Н.Сүйінбаев семинарға қатысушыларға «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін мемлекеттік  органдарда енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинарға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына толық жауап қайтарылды.

 
0
0
877

Осы тақырып бойынша

«Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін облыстық мекемелерде енгізу бойынша семинар - Yvision.kz