Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің ерекшелігі талқыланған маңызды кездесу

2017 жылғы 26 шілде күні Департаментпен аудандар және Петропавл қаласы әкімдерінің бірыңғай кадр қызметтері өкілдерімен және маслихаттар аппараттарының қызметшілерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

Департаменттің мемлекеттік қызметті бақылау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтер және мемлекеттік қызмет құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары және де әкімшілік басқармасының заң қызметі мен іс қағаздарын жүргізу бойынша мамандары диалог түрінде мемлекеттік қызмет саласына жататын сұрақтарға жауап берді, Сонымен қатар, қатысушылардың назары бірыңғай персоналды басқару қызметтердің, мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметшілердің жұмыстарындағы жетіспеушіліктерге аударылды.

Кеңеске қатысушылар конкурстарды өткізуіне, «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға хабарландыруларды жасау тәртібіне, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялардың жұмысына және мемлекеттік қызмет кадрлардың мониторингі бойынша есептілікті толтыруына қатысты сұрақтарды белсенді талқылады. Тимирязев ауданы маслихаты аппаратының басшысы А.Е-Н. Косубаевамен «Е-қызмет» персоналды басқару ИАЖ бойынша облыс аудандарына көшрелі оқыту семинарларды өткізу туралы ұсыныс берілді.

Диалог жүргізу барысында қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды, ұсыныстары бақылауға алынды.

 
0
0
582

Осы тақырып бойынша

«Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің ерекшелігі талқыланған маңызды кездесу - Yvision.kz