Э.В. Низамдиновтың төрағалығымен «Жастар – жасампаздықты жақтайды» атты дөңгелек үстел өтті.
«Nur Otan» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Э.В. Низамдиновтың төрағалығымен «Жастар – жасампаздықты жақтайды» атты дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында, ең алдымен жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу керектігін алға тартты.
Жастар саясаты-мемлекеттің тұтас саясатының ажырамас бөлігі, ол өскелең ұрпақтың тиісті қоғамдық мәртебесін, сонымен бірге болашақта экономикалық белсенді халыққа айналатын жастардың белгілі бір өмір сүру сапасын белгілеу және қолдау жөніндегі шаралар мен заңнамалық актілер жүйесі болып табылады.
