Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі

Қазағымның ұлттық киімдері ертеде де қазір де барлығын таң қалдыруын жалғасытыруда. Біздің аяулы әже-аналарымыз киімді өрнектеп, әр түрлі оюлармен көркемдеп отырған. Бұл да-үлкен өнер. Өткен заманда адам ұлтын киіміне қарап ажыратқан деседі. Сол кездері қазақтардың киіміне қызыға қарамаған ұлт қалмаған шығар сірә? Қазіргі таңда ұлттық киімді киіп жүрген адамға "Мынау неге қазақ киім киіп алған, Наурыз емес қой?!" деп айтатындар аз емес. Оны ки деп те ешкімді қинамаймыз, жай ғана киімге әдемі қылып оюымызды өрнектеп жүрсе жақсы емес па? Қазақилығымызды жоғалтпаудың осындай түрін дамытсақ біз де сол болашаққа нық аяқпен басар едік.

Әр оюдың астарында жатқан үлкен мағына бар. Әр қазақтың жасына сай киетін киімдері де болған.

Ең негізгілеріне тоқтала кетсек:

Шапан-тізеден төмен түсіп тұратын киім.

Қамзол-бұл киімді әйелдер көйлек сыртынан киіп, тастамаған секілді.

Қазіргі таңдағы киім үлгілерімен салыстыратын болсақ Шапан-пальто, ал Қамзол-кардиган сияқты.

Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар киген. Сәукеленің негізгі бөліктері тәж, төбе, құлақ бау және артқы бойы

Ұзатылған қыздар киген сәукеледен кейін Кимешекті де айта кетейік. Кимешекті аяулы әжелеріміз киген. Оның тек беті ғана ашық, қалған басының бөлігі, мойыны кеудесіне дейін жабық тұрған.

 
2
1
5816

Осы тақырып бойынша