Еңбекшіқазақ ауданы«Nur Otan» партиясы
«Nur Otan» партиясынан мәжіліс депутаттығына үміткер Жанна Телпекбаева және Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ерік Абитов облысымызға белгілі азамат, партия ардагері Елеусіз Сұлтанғазиевпен кездесіп, ақсақалдан ақ бата алды. Кездесуде саяси ұйымның жүзеге асырылатын бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өткен кандидаттар өзінің сайлауалды бағдарламаларын да таныстырды. Үміткерлерге сәттілік тілеген Елеусіз Сұлтанғазиев батасын беріп, жетекші партияның саяси науқанда басым түсуіне тілеулестік білдірді.
