Еңбекшіқазақ ауданы
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 17 тамызда бастау алған «Nur Otan» партиясы ішкіпартиялық іріктеу науқанына қатысушы үміткерлер саны – 99 адамды құрады. Қатысуға ниет білдірген азаматтардың қатарына 23,2% әйелдер, 35 жасқа дейін 18,2% жастар, 35 – 50 жасқа дейін 45,5% үміткерлер құрап отыр. Қатысушылар ҚР Парламент Мәжілісіне сонымен қатар, облыстық, аудандық мәслихатқа үміткер болу санаты бойынша праймериз арқылы бағын сынамақ.
Ендігі кезек, үміткерлер үгіт-насихат жұмысымен дайындықтарын пысықтап, партия мүшелерімен кездесулерге, пікір сайысқа қатысады. Жалпы, праймериз арқылы өңірде 1 мандатқа 3,4 үміткерден айналып отыр.
Соңғы кезең 1-3 қазан күндері үміткерлерге дауыс беруге «Nur Otan» партия мүшелері құқылы. Өз дауыстарын primaries.kz веб-порталы, «Праймериз 2020» мобильді қосымша, дауыс беру учаскелерінде онлайн үміткерлерге өз дауыстарын бере алады.
