Еңбекмині атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторын іске қосты
Еңбекмині атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторын іске қосты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін онлайн-калькуляторды іске қосты. Оның көмегімен қазақстандықтар жәрдемақының алдын ала есебін дербес жүргізе алады. Онлайн-калькулятор ведомствоның www.enbek.gov.kzресми сайтында орналастырылған.
Сонымен, АӘК мөлшерін есептеу үшін тұрғылықты өңірін, отбасы мүшелерінің санын, жиынтық табысын: еңбекақыны, алиментті, жеке қосалқы шаруашылықтан, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын жалға беру мен сатудан түскен табыстарды, кредиттен (микрокредиттен) түскен табыстарды, сондай-ақ басқа да табыс түрлерін көрсету қажет.
Сонымен бірге, АӘК мөлшерін есептеу кезінде 18 жасқа дейінгі балалардың, сондай-ақ жоғары және кәсіптік оқу орындарында күндізгі нысанда оқитын 23 жасқа дейінгі студенттердің саны енгізіледі. Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған және табысы төмен азаматтар мен отбасыларға, соның ішінде көп балалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Естеріңізге сала кетейік, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% - нан 70% - ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, бұрын АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, келесі айдан бастап, әр балаға 20 789 теңге болады. Бұдан басқа, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелері бойынша кеңестерді бірыңғай байланыс-орталығының "111" нөмірі арқылы алуға болады.
Минтруд запустил онлайн-калькулятор адресной социальной помощи Министерством труда и социальной защиты населения РК запущен онлайн-калькулятор для расчета размера адресной социальной помощи. С его помощью казахстанцы могут самостоятельно произвести предварительный расчет пособия. Онлайн-калькулятор размещен на официальном сайте ведомства www.enbek.gov.kz Так, для расчета размера АСП необходимо указать регион проживания, количество членов семьи, совокупный доход, включающий в себя: заработную плату, алименты, доходы от личного подсобного хозяйства, предпринимательской деятельности, сдачи в аренду и продажи недвижимости и транспортных средств, доходы от кредита (микрокредита), а также другие виды заработка. Вместе с тем, при расчете АСП вносятся сведения о количестве детей до 18 лет, а также студентов до 23 лет, обучающихся в высших и профессиональных учебных заведениях. Адресная социальная помощь – это денежная выплата, предоставляемая малообеспеченным гражданам и семьям с низким уровнем дохода, в том числе, многодетным семьям. Напомним, согласно поручению Елбасы, в Казахстане с 1 апреля т.г. критерий для оказания АСП увеличится с 50% до 70% от прожиточного минимума, составив 20 789 тг. В результате численность получателей пособия возрастет с 571,6 тыс. человек до более 830 тыс. человек. При этом, если средний размер АСП на каждого члена семьи ранее составлял 4 834 тг, то со следующего месяца на каждого ребенка будет выплачиваться 20 789 тг. Кроме того, консультации по вопросам назначения адресной социальной помощи можно получить по номеру единого контакт-центра «111».
