Еңбек ұжымдарында еңбек құқықтарын қорғау
Кәсіподақ ұйымдары қызметкерлерінің еңбек ұжымдарында еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша және азаматтардың әлеуметтік кепілдіктерін қорғау жөнінде кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұрсұлтан қаласы және Ақмола облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Ерейментау филиалы төрайымы Жахина Рымтай Әлмұханқызы және аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің кәсіподақ мүшелері,кәсіподақ төрайымдары қатысты.Кездесу барысында кәсіподақ мүшелерімен білім саласындағы ұстаздардың төлемдері мен кәсіподаққа көмекке жүгінген азаматтардың мәселелері талқыланды.
