Еңбек жағдайларымен, әлеуметтік әріптестік тараптарының ұжымдық шарт талаптарын сақтауымен танысты
«Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасында жасалған қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту үшін бірлескен қызмет туралы Меморандумды орындау мақсатында 2020 жылғы 6 қарашада «Nur Otan» партиясының Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Маликова мен «Казпрофметалл» Павлодар облысы бойынша салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р. Даумова «Қазақстан алюминийі» АҚ-дағы еңбек және демалыс жағдайларымен, әлеуметтік әріптестік тараптарының ұжымдық шарт талаптарын сақтауымен танысты. «Қазақстан алюминийі» АҚ Қазақстандағы глинозем (алюминий өндірісіне арналған шикізат) шығаратын жалғыз кәсіпорын, сондай-ақ Павлодар облысының ірі жұмыс берушісі болып табылады. Коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында «Nur Otan» партиясының және кәсіподақтардың өкілдері медициналық пункттің жұмысымен танысты, онда барлық қызметкерлердің температурасын байланыссыз тәсілмен өлшеу жүргізіледі, жағдайын диагностикалау және жұмысқа жіберу процесі жүргізіледі. Медициналық пункт қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Жұмыс ауысымы басталар алдында қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ 1,5 метр әлеуметтік қашықтық бойынша кіріспе нұсқама жүргізіледі. Инфекцияның таралу кезеңіндегі мінез-құлық қағидаларын түсіндіру мақсатында қызметкерлер үшін ақпараттық стендтер жұмыс істейді. Қызметкерлердің демалысын ұйымдастыру үшін демалыс бөлмелерінде жағдай жасалған, қызметкерлер әлеуметтік қашықтықты сақтаумен буфет және асханада ыстық тамақпен түстене алады. Зауытта тиісті техникалық жабдықталған себезгі, киім шешетін бөлмелер бар, барлық жерде санитайзерлер орналастырылған. Қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделері ұжымдық шартпен сенімді қорғалған, оның талаптары еңбек заңнамасында ескерілмеген қосымша әлеуметтік кепілдіктердің едәуір санымен реттеледі, бұл әрекетті кәсіпорынның қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және зейнеткерлеріне таратады.
Во исполнение Меморандума о совместной деятельности для защиты трудовых прав и улучшения условий труда работников, заключенного между партией “Nur Otan” и Федерацией Профсоюзов Республики Казахстан, 6 ноября 2020 года первый заместитель председателя Павлодарского городского филиала партии “Nur Otan” Маликова А. и заместитель председателя ОО «Отраслевой горно-металлургический профессиональный союз «Казпрофметалл» по Павлодарской области» Даумова Р. ознакомились с условиями труда и отдыха, соблюдением условий коллективного договора сторонами социального партнерства на АО «Алюминий Казахстана».
АО «Алюминий Казахстана» является единственным в Казахстане предприятием, выпускающим глинозем (сырье для производства алюминия), а так же крупнейшим работодателем Павлодарской области. В условиях распространения коронавирусной инфекции представители партии “Nur Otan” и профсоюзов ознакомились с работой медицинского пункта, где проводится измерение температуры всех работников бесконтактным способом, проводится диагностика самочувствия и допуск к работе.
Медицинский пункт оснащен необходимым медицинским оборудованием и медикаментами. Перед началом рабочей смены проводится вводный инструктаж по технике безопасности и необходимости соблюдения правил безопасности, а так же социальной дистанции 1,5 метра.
Для цели разъяснения правил поведения в период распространения инфекции для работников действуют информационные стенды. Для организации отдыха работников созданы условия в комнатах отдыха, горячее питание организовано в буфете и в столовой, где работниками соблюдается социальная дистанция.
На заводе обустроены душевые, раздевалки для одежды, которые имеют надлежащее техническое состояние, повсеместно размещены санитайзеры. Трудовые права и интересы работников надежно защищены коллективным договором, условиями которого регламентировано значительное количество дополнительных социальных гарантий, не учтенных трудовым законодательством с распространением действия на работников, членов их семей и пенсионеров предприятия.
