Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазанның соңғы жексенбісінде атап...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қазанның соңғы жексенбісінде атап өтілетін Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні қарсаңында әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Құрметті әріптестер, әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әлеуметтік қызметкер күні – бұл қызметі қазақстандықтарға көмек көрсетумен тығыз байланысты болып келетін адамдардың мерекесі. Күн сайын сіздер біздің құрметті зейнеткерлеріміздің игілігі үшін еңбек етесіздер, мүгедектігі бар адамдарға, балалы отбасыларға және табысы аз азаматтарға көмектесесіздер. Сіздердің арқаларыңызда қиын өмірлік жағдайға тап болған қазақстандықтар оны еңсеру үшін қажетті қолдау алады.
Өз міндеттеріңізді орындай отырып, қамқорлыққа мұқтаж барлық адамдарға мейірімділік, жан жылуын және жарқын болашаққа деген үміт сыйлайсыздар. Сіздердің кәсіби қызметіңіз жанашырлық, гуманизм, ізгілік және шыдамдылық сияқты қарапайым адами қасиеттерге негізделеді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Көп жағдайда бұл сіздердің еңбектеріңіз.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ардагерлеріне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің Қазақстанның әлеуметтік жүйесін дамытуға қосқан үлестеріңіз ең жақсы әрі жылы сөздерге лайық.
Барлық әлеуметтік қызметкерлерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ және бақытты өмір, отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілеймін!» – делінген Біржан Нұрымбетовтің құттықтауында.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/112846...
Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов в преддверии Дня работников системы социальной защиты населения, который отмечается в последнее воскресенье октября, поздравил коллег с профессиональным праздником.
«Уважаемые коллеги, ветераны системы социальной защиты, от всей души поздравляю вас с профессиональным праздником!
День социального работника – это праздник людей, чья работа неразрывно связана с оказанием помощи казахстанцам. Ежедневно вы работаете на благо наших уважаемых пенсионеров, помогаете людям с инвалидностью, семьям с детьми и малообеспеченным гражданам. Благодаря вам казахстанцы, оказавшиеся в трудных жизненных ситуациях, получают необходимую поддержку для их преодоления.
Выполняя свои обязанности, вы дарите всем нуждающимся в заботе доброту, милосердие и надежду на лучшее будущее. Ваша профессиональная деятельность основана на таких простых человеческих качествах, как сострадание, гуманизм, доброжелательность и терпение.
За годы независимости в Казахстане создан крепкий фундамент социального государства. Во многом это и ваша заслуга.
Хочу выразить слова искренней признательности и благодарности ветеранам системы социальной защиты населения. Ваш вклад в развитие социальной системы Казахстана заслуживает самых добрых и теплых слов.
От всей души поздравляю всех социальных работников с профессиональным праздником! Желаю вам крепкого здоровья, долгой и счастливой жизни, благополучия вашим родным и близким!» – говорится в поздравлении Биржана Нурымбетова.
https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/112846...
