Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек және Денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері қаралды

Сенбі, 20 шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс кеңесін өткізді.

Кездесу барысында медициналық және әлеуметтік сараптаманы жаңғырту, мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, санаторлық-курорттық емдеу мен оңалту орталықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі Ұлттық жоспардың іске асырылуы сияқты мәселелер талқыланды.

Бүгінгі таңда ведомстволар мүгедектікке сырттай зерттеу мен әлеуметтік қызметтер порталын құру бойынша пилоттық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үстінде.

Бұл жобалардың табысты іске асуы мүгедектікті белгілеу, оңалтудың техникалық құралдарының сапасын жақсарту және мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтерді жетілдіру жұмыстарын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Кездесу соңында ведомстволар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты одан әрі жандандыруға келісті.

В субботу, 20 июля, министр труда и социальной защиты населения РК Бердибек Сапарбаев провел рабочее совещание по интеграции информационных систем с Министерством здравоохранения.

В ходе совещания обсуждены вопросы модернизации медико-социальной экспертизы, обеспечения лиц с инвалидностью техническими средствами реабилитации, санаторно-курортным лечением, функционирования реабилитационных центров, исполнения Национального плана по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью.

На сегодня ведомствами проводится совместная реализация пилотных проектов по заочному освидетельствованию инвалидности и созданию портала социальных услуг. Успешная реализация и внедрение данных проектов позволят снизить коррупционные риски при установлении инвалидности, повысить качество техсредств реабилитации и услуг, оказываемых лицам с инвалидностью.

По итогам совещания ведомства договорились об активизации дальнейшей работы по интеграции информационных систем государственных органов.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Еңбек және Денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері қаралды - Yvision.kz