Еңбек әулеті
«Қазақстан алюминийі» АҚ өз жұмыскерлерімен, тіпті зауыттың және бүкіл Қазақстанның игілігі үшін еңбек етуге дайын тұтас еңбек әулеттерімен мақтана алады. Бекжановтар отбасының жалпы еңбек өтілі – 117 жыл. Олар бұл жылдарды зауытқа арнады, зауытсыз олардың еңбек қызметін елестету қиын. Олардың әрқайсысы әртүрлі мамандық иесі және өндірістің әртүрлі нүктелеріндегі жұмысқа жауап береді. Мәселен, Сәуле Жамбаева 35 жыл краншы, ал Ғалымбек Бекежанов ГМО цех бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Оның еңбек өтілі – 22 жыл. Меруерт Бекежанова есептен шығару цехында 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Сорғы қондырғыларының машинисі Гульнара Бекежановна Канапина зауытта 2006 жылдан бастап еңбек етеді. 21 жыл Ержан Қанапин ОҚО-да экскаватор машинисі болып жұмыс істейді, Нұрлан Бекежанов 10 жыл бойы ГМО аппаратшысы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ, Айсұлу Мұратқызы Бекежанова 10 жыл бойы зауыт басқармасының аудармашысының жұмысын қамтамасыз етіп келеді. ________________ АО «Алюминий Казахстана» может похвастаться своими работниками и даже целыми трудовыми династиями, которые готовы трудится на благо завода и всего Казахстана. Общий трудовой стаж семьи Бекжановых поражает воображение – 117 лет. Эти годы они посвятили заводу, без которого уже трудно представить свою трудовую деятельность. Каждый из них представляет самые разные профессии и отвечает за работу на различных точках производства. Так например, 35 лет Сауле Джамбаева работает крановщицей, а Галымбек Бекежанов заместитель начальника цеха ГМЦ. Его трудовой стаж – стаж 22 года. Меруерт Бекежанова работает в цехе списания с 2005 года. Машинист насосных установок Гульнара Бекежановна Канапина трудится на заводе с 2006 года. 21 год Ержан Канапин работает в ЦПС машинистом экскаватора, Нурлан Бекежанов работает уже 10 лет аппаратчик ГМЦ. Также на протяжении 10 лет Айслу Муратовна Бекежанова обеспечивает работу переводчика заводоуправления.
