Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еңбек министрлігінің басшысы мүгедектерді оңалтуды қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан аймақтарында мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесін жеке қадағалайтын болады. Бұл туралы ол министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мәселелері жөніндегі алқа отырысы барысында бейнеконференцбайланыс режимінде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне айтты.

ҚР ЕХӘҚМ басшысы ағымдағы жылғы мамырда 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа ұлттық жоспар қабылданғанын еске салды.

«Біздің бүгінгі басты міндетіміз – бұл барлық деңгейдегі Ұлттық жоспардың шараларын сапалы іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету. Олардың өмір сүру сапасын арттыруды, тәуелсіздікке қол жеткізуді, әлеуметтік, кәсіби қабілеттерін сақтауды және өмірдің барлық аспектілеріне қосуды қамтамасыз ету қажет» - деді Біржан Нұрымбетов.

Бұл ретте Министр бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілуі мұқтаждардың жалпы саны - 421,1 мың мүгедек болғанда, барлығы 34,8%-ды құрайтынын атап өтті.

«Қамтамасыз етудің ең төмен көрсеткіштері Шымкент қаласында бар-жоғы 13%; Солтүстік Қазақстан облысында – шамамен 24%; Қарағанды облысында – 26%; Қостанай облысында – 28%. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру деңгейін арттыру, техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 2020 - 2022 жылдарға республикалық бюджеттен 58,1 млрд.теңге бөлінді.Жергілікті атқарушы органдар Оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) қамтамасыз ету бойынша бюджет қаражатын тиімді жоспарлауды және игеруді қамтамасыз етуді, оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы бойынша бақылауды күшейтуі қажет. Біз мүгедектігі бар адамдардың құқықтарына қысым жасауға жол бермеуіміз қажет, оларды қоғам өміріне толыққанды интеграциялау үшін қажетті құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету міндетін шешуіміз қажет. Министрлік осы мәселе бойынша өңірлердің есептерін тұрақты негізде тыңдайтын болады» деп атап өтті Нұрымбетов.

Қажетті құралдармен қамтамасыз етуді жақсарту үшін бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталын кезең-кезеңімен енгізу жүргізілуде. Пилот Ақтөбе қаласында іске қосылып, оған 3 медициналық-әлеуметтік мекеме қосылды.Пилот нәтижелері бойынша порталды басқа өңірлерде кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл 2021 жылға қарай техникалық құралдармен қамтамасыз етуді 70%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, әсіресе ауылдық жерлерде оңалту орталықтарының жетіспеушілігін атап өткім келеді.Бүгінгі күні 11 өңірде (Атырау, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қ.) қарттар мен мүгедектерге арналған 25 оңалту орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 14-і мүгедек балаларға арналған.

6 өңірде оңалту орталықтары жоқ (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, БҚО және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары). Осы өңірлерде тұратын мүгедектер әлеуметтік оңалтудың тиісті шаралар ала алмайды. Мүгедектігі бар адамдарды оңалту қызметтерімен қамту, қоғамға әлеуметтендіру мақсатында өңірлерге олардың тікелей тұратын жерлеріне мүмкіндігінше жақын жерлерде мүгедектер үшін қол жетімділігін ескере отырып, оңалту орталықтарын салуды жоспарлау қажет»- деді министр, сондай-ақ қолданыстағы оңалту орталықтарын заманауи жабдықпен қамтамасыз ету қажеттігін қоса айтты.

----------------------------------------------------------------

Министр труда и социальной защиты населения РК Биржан Нурымбетов будет лично контролировать вопрос обеспечения инвалидов средствами и услугами реабилитации в регионах Казахстана. Об этом он сказал в ходе заседания коллегии Министерства по вопросам реализации Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана», в котором в режиме видеоконференцсвязи приняли участие заместителями акимов областей и городов республиканского значения, а также представителям местных исполнительных органов. 

Глава МТСЗН РК напомнил, что в мае этого года был принят новый Национальный план по обеспечению прав и улучшению качества жизни лиц с инвалидностью до 2025 года.

«Наша главная задача сегодня – это качественная реализация мер Национального плана на всех уровнях, обеспечение лиц с инвалидностью техническими средствами и услугами реабилитации. Необходимо обеспечить повышение качества их жизни, достижение независимости, сохранение социальных, профессиональных способностей и включение во все аспекты жизни», – сказал Биржан Нурымбетов.

При этом министр отметил, что по итогам первого полугодия обеспеченность техническими средствами и услугами реабилитации составила всего 34,8% от общего числа нуждающихся – 421,1 тыс. инвалидов.

«Самые низкие показатели обеспечения в Шымкенте – всего лишь 13%, в Северо-Казахстанской области – порядка 24%, в Карагандинской – 26% и Костанайской области – 28%. Для повышения уровня социализации лиц с инвалидностью, обеспечения их техническими средствами и услугами реабилитации на 2020-2022 годы из республиканского бюджета выделено 58,1 млрд тенге. Местным исполнительным органам необходимо обеспечить эффективное планирование и освоение бюджетных средств по обеспечению техническими средствами реабилитации (далее – ТСР), усилить контроль по исполнению индивидуальных программ реабилитации. Мы не должны допускать ущемления прав лиц с инвалидностью, надо решать задачу обеспечения их необходимыми средствами и услугами реабилитации для полноценной интеграции в жизнь общества. Министерство на постоянной основе будет заслушивать отчеты регионов по этому вопросу», – подчеркнул Нурымбетов.

Для улучшения обеспечения инвалидов ТСР в г. Актобе в пилотном режиме запущен портал социальных услуг, где к нему подключены 3 медико-социальных учреждения. По результатам пилота планируется поэтапное внедрение портала в других регионах. Это позволит повысить обеспеченность техническими средствами до 70% к 2021 году.

«Хочу также отметить вопрос нехватки реабилитационных центров, особенно в сельской местности. На сегодняшний день в 11 регионах (Атырауская, ВКО, Жамбылская, Карагандинская, Костанайская, Кызылординская, Мангистауская, СКО, Павлодарская, Туркестанская области и г. Алматы) действует 25 реабилитационных центров для престарелых и инвалидов, в том числе 14 для детей-инвалидов. Реабилитационные центры отсутствуют в 6 регионах (Акмолинская, Актюбинская, Алматинская, ЗКО области и гг. Нур-Султан, Шымкент). В целях охвата реабилитационными услугами лиц с инвалидностью, социализации в общество, руководству этих регионов нужно планировать строительство реабилитационных центров, с учетом их доступности для инвалидов, как можно ближе к местам их непосредственного проживания», – сказал министр, добавив, что в действующие реабилитационные центры необходимо обеспечить современным оборудованием.

0
0
227

Осы тақырып бойынша

Еңбек министрлігінің басшысы мүгедектерді оңалтуды қамтамасыз ету мәселесін жеке бақылауға алды - Yvision.kz