ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің 2016 жылғы жұмысының нәтижесін қорытындылау

1

2017 жылы 18 қаңтарда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбековтің төрағалығымен 2016 жылғы Департамент қызметінің қорытындысы және 2017 жылға арналған алдағы міндеттер  туралы кеңес өтті.

Кеңеске департаменттің қызметкерлері қатысты. Кеңестің бастамасында департамент басшысы мемлекеттік органның құзыреті шегінде әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін Департаменттің жұмысын күшейту қажеттілігін айтты.
Департамент басшысының орынбасарлары Ә.Ж.Шахбутова, А.Қ.Сатаева, бөлімнің басшылары А.Р.Дощанова, А.Р.Айтуарова, бас маман заң кеңесшісі А.М.Смағұлов, персоналды басқару жөніндегі бас маман Ә.М.Қарымсақова 2016 жылғы жұмыстың қорытындылары туралы ақпараттандырды, әрбір сөз сөйлеуші 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың жұмысындағы негізгі көрсеткіштерді баяндады.
Атқарылған жұмыстар туралы есептерді талқылай келе, Мұрат Тлемісұлы жұмыстағы негізгі көрсеткіштерге назар аударды және әрбір бөлімшеге қажетті жеке-жеке тапсырмалар берді.