Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті»

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-де ашық есік күні 2019 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауын, «Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында "Өзіңнен баста" акциясын іске асыру мақсатында, сондай-ақ республикалық бюджеттен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау рәсімін түсіндіру, бала туылғанда берілетін жәрдемақы, базалық зейнетақыны қайта есептеу, мүгедектікті белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту, мүгедектер үшін қолжетімді ортаны құру, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің жұмысы туралы «Ашық есік күні» өтті. Департаменттің мамандары барлық келушілерге кеңес берді. Ашық есік күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің заң факультетінің 2 курс студенттері болды. Студенттерді департаменттің барлық кабинеттерін аралатып, оларға әр жеке бөлім қандай жұмыстармен айналысатыны айтылды. Әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова студенттерге уәкілдің жұмысы және мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттары туралы айтып берді.

«Ашық есік күні» акциясы мемлекеттік органдардың айқындылығы, транспаренттілігі, ашықтығы қағидатын қамтамасыз етуге және сақтауға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, азаматтар тарапынан сенім мен мемлекеттік аппараттың беделін арттыруға бағытталған.

0
0
344

Осы тақырып бойынша

«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» - Yvision.kz