"Еңбек" бағдарламасы түсіндірілді
"Жастар Отанға" жобасы аясында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасын талқылау мақсатында кент жастарымен кездесу өткізілді. Кездесуге жас кәсіпкерлер, кент жастары қатысты. Жиынды "Жақсықылыш" БПҰ төрағасы, аудандық Саяси кеңес мүшесі П.Берсүгіров ашып, "Еңбек" бағдарламасы туралы қысқаша мәлімет бере отырып, жастарды еркін пікір алмасуға, сұхбаттасуға шақырды. Жастар тарапынан кәсіпкерлікпен айналысу, грант, несие жөніндегі қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді. Кездесу соңында кенттің жас кәсіпкерлері жастармен ой-пікір алмасты.
