ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Еңбек ардагерінің де айтары бар

Еңбек ардагерінің де айтары бар

Халқымыз әу бастан мал баққан, сол арқылы жан баққан. Әр күнін «Мал-жан аман ба?» деп амандасудан бастаған. Дала төсінде мал өргізіп, төл алған, ата мұрасын кәсіп етіп, мансұқтаған жанның бірі қарапайым еңбек адамы Ғұмар Биккужиев ақсақалдың үйіне бас сұққан аудандық мәслихатқа кандидат Светлана Байтенова қарияның хал-жағдайын сұрап, алдағы өткелі тұрған сайлау туралы әғгіме-дүкен құрды. Партияның «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында өзіне көрсетіліп отырған түрлі көмектерге разы екенін жеткізген еңбек майталманы ауданымзда мал шаруашылығын өрістетуге ден қойылып отырғанын құптады. Ғұмар ақсақал партияның ауданымызды өрістетуге бағытталған 7 бағытымен жақсы таныс болып шықты. Өзі малсақ жан болғандықтан әсіресе: айналымға 153 мың га астам енгізу есебінен, пайдаланылатын жайылымдар алаңын екі есеге (шамамен 300 мың га) кеңейту туралы айтқан жолдары ойымызға дөп келді дейді. Өйткені шаруа баққан жанға аддымен шөбі құнарлы жайылымдық жер қажет екендігін өз тәжірибесіңнен біледі. Сонымен қатар ірі қара мал санын 30,4 мыңнан 35 мың басқа дейін арттыру есебінен мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде алдағы 5 жылда асыл тұқымды мал басын 3500дейін арттыру жоспары да кезек күттірмейтін мәселе екендігіне пікірін қосады.

Қазақстың ақ бас сиыры мен еділбай қойының даңқы кезінде респбликадан тыс жерлерге де шыққан-тұғын. Қазақтың мал бағуда өзіндік ешкімге ұқсамайтын талаптары мен тәжірибелері бар, соны бүгінгі мал шаруашылығымен айналысам деген жастар бір мезгіл жаңғыртып отырғанның жөні бөлек,- дейді ол.

Маңызды әңгіме өрбіген кандидатпен кездесу барысында еңбек адамы жан-жағын байыптап, бұл өмірге сергек көзқараспен қарайтын әр адам алдағы сайлауға міндетті түрде баруы керек, өйткені елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған басты партияға қолдау көрсетуіміз тиіс деген түйінді сөзін айтты.