Еңбек ардагері мүгедектігін рәсімдей алмай жүр
Еңбек ардагері бұған дейін Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында болған екен. Пошта байланысына еңбегі сіңген ардагер ауыр отадан кейін мүгедек арбаға таңылғанын және мүгедектігін рәсімдеу үшін медициналық тексеруден өтуде бірқатар кедергіге тап болғанын айтып, мұңын шақты. Партия өз сайлаушыларының мұқ-мұқтажын аяқасты етпейді. Галина Ивановнаның өтініші бақылауға алынды.
