Еңбек ардагері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұқанов Тауфих ағамызбен кездесті
20 шілде күні Ернар Галимов " Есіктен есікке" акциясы аясында ауданымыздың қаржы саласында көп жылдар басшылық қызметте болған, еңбек ардагері, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мұқанов Тауфих ағамызбен кездесті. Кездесу барысында алдағы сайлау жөнінде әңгіме құрып,сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ағамыз өз кезегінде өз ұсыныс пікірін айтып, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
