Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Е. Қарин, Ғабит Мүсіреповтың әруағынан қорықпай ма? (!)

Ғабит Мүсіреповтың әруағынан қорықпай ма, Қарин мырза? (!)

«Qazaqstan» телеарнасың эфирінен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» фильмінің ұсқынсыз кадрлары мен бей эдеп сөздерін көріп, «жер» болдық. Кәсіби кино сыншы емеспін. Алайда, журналист-азамат ретінде ұлттың рухын өшіріп, сағын сындыратын мұндай «дүниелердің» мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын телеарнадан көрсетілгеніне қарсымын. (келесіде сабақ болсын!)

Кемшілік қай жерден кетті немесе Абаев пен Қарин нені ескермеді? (!)

- «Тапсырыс» беруші - «Qazaqstan» телеарнасы Басшылығының Баян сынды (ұлтқа жағымсыз образдағы) продюсерге таңдау жасап, ұлттық рухты көтеретін фильмді бере салуы. Бұл жерде күмәнді сұрақтар бар. Мемлекеттік тапсырыс қандай бағытта, нендей негізге сүйеніп жасалды? Неліктен ұлттық киноның корифейлерін туғызған азулы продюсерлер таңдалмады. (тасада қалды)

- Баян ханым жетекшілік жасайтын «Shine продакшн» компаниясы қашан құрылды? (осындай фильмді түсіретін тәжірибесі мол, тіпті, өресі биік пе еді?) Мемлекеттік конкурс өтті ме? Өтсе, жеңімпаз ретіндегі құжаттары расталып, жариялансын!

- Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында мемлекеттік қаржы есебінен түсірілген «өлі» сериалдың бюджеті қанша? (!) Шығынын есептеп, елге жариялауды талап етемін! Осы тұрғыда, құқық қорғау органдары ҚР Бас Прокуратурасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі конкурсты ұйымдастырудағы заңдылықтардың сақталуы мен жұмсалған шығындарды мұқият тексеруді қамтамасыз етулері керек! Ал, Парламент депутаттары сұрау салып, тиісті азаматтарды «сілкіп» алсын. (келесі жолы қайталанбауы үшін!)

- Көркемдік кеңес құрамында кімдер болды? (қалай өтті?) Неліктен, эфирден (сүзгіден) өтіп кетті? Корпорация басшысы Е.Қарин қайда қарады?

- Қазақ қызы, ердің бетінен алып, жайдақ сөйлемеген. (әсіресе, сол уақытта!) Көше қаңғыбастары қолданатын тілдік «жұтаң» сөздер өріп жүр.

- Продюсердің мақсаты қандай болды? Стратегиялық шешімдерін жарияласын. Мысалы, қазақ аруы мен ер азаматтарының образын «қасақана» осылай сомдап шығаруы да мүмкін ғой.

- Қарин, осы фильмді түсіруге соншалықты ықыласты болып, ниеттенсе, неліктен Баян ханымнан басқа продюссерлер таңдалмады? Сондай-ақ, сериал қылып түсірмей, тарихпен байланыстыра отырып, көркем фильм ретінде түсірсе де болар еді. Сонда, ырду-дырду сөзі көп, «көбік» дүние шықпас еді. (сериал түсіру ақша шығындаудың төте жолы шығар)

Осы сұрақтардың толық жауабын алмайынша, «Qazaqstan» корпорациясының Төрағасы Ерлан Қарин мен осы фильмді түсірген «Shine продакшн» компаниясы арасында «байланыс» болуы мүмкін деген күмәнді ой көрермендерді ұзақ уақыт мазалауы мүмкін… Ұзақ уақыт…

Құрметті, Замандас Д. Абаев және Е. Қарин мырза!

Ұлттық тәрбиеге қырын қарамай, жан тәнімізбен қызмет етпесек, біз еккен гүл, ертең-ақ, тікенек боп өсуі мүмкін. Ол кезде кеш!

«Дүбәрә» ұрпақ тәрбиелегеміз келмесе, эфирімізді түзеп, ақпараттық-идеологиямызды жөнді жүргізейік. Әйтпесе, Байзақова сынды үш күн қамауда болған бәденді «бикештер» қоғамда қаптап кетіп, түрмелеріміз жетпей қалуы мүмкін!

Пы-сы: Ерлан Қарин мырза, «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» картинасы ұлттық руханият пен моралдық-тәрбиеге жасаған қиянатын түсініп, ел алдына шығып, кешірім сұраса, марқұм Ғабит Мүсірепов атамыздың әруағы разы болар еді…

Жазба Құрманәлі Қалмаханның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

0
0
459

Осы тақырып бойынша

Е. Қарин, Ғабит Мүсіреповтың әруағынан қорықпай ма? (!) - Yvision.kz