Дзюдодан әлем чемпионаты өтуде
Астана қаласы "Алау" мұз айдынында дзюдодан әлем біріншілігі өтуде. Алғаш рет дзюдодан елордамызда өтіп жатқан әлем чемпионатына 137 мемлекеттен 823 спортшы қатысуда. Жарыс ерлер мен қыздар 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.
Әлем чемпионаты 150 елде көрсетілуде. Жарыстың алғашқы чемпионы да белгілі болды. Ол-Елдос Сметов. 60 келі салмақ бойынша ақтық бәсекеде татамиге шыққан Елдос , отандасымыз Рустам Ыбраевтан басым түсіп жеңіске жетті. Бүгін жарыстың екінші күні. 66 келі салмақ дәрежесі бойынша ұлттық құраманың спортшысы Елдос Жұмақанов финалға шықты. Өкінішке орай осы салмақ бойынша бірінші нөмірлі спортшымыздың бірі Азамат Мұқановтың бағы жанбады. 24-30 тамыз аралығында өтетін біріншіліктен жүлделер күтеміз.