Джаумбаев Қ,Адиева АжәнеШораевС ZOOM желісі арқылы білім саласының ардагер ұстаздары,кездесу өткізді
Бүгін кандидат ретінде, үміткерлер Джаумбаев Қаршыға, Альфия Адиева және мен Шораев Серболат, ZOOM желісі арқылы білім саласы ардагер ұстаздары, балабақша басшыларымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында Қазақстанның басты 7 жетістіктерін, "Nur Otan" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Ардагер ұстаздар: Нұрлы Қабдешовна, Темірбек ағай сынды ел ағасымен, Баянсұлу Капетова, Гульнар Суйншалиева өз пікірлерімен бөлісіп, маман мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жұмыстануға көңіл бөлуді ұсынды, балабақша тарпынан да ұсыныстар айтылып, қаперге алынды.

