Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Досым, неге ренжисің, сағынышқа...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Richard Clayderman - Love song in winter

Бейнематериал авторы – Mel-p

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Досым, неге ренжисің, сағынышқа,

Махаббаттың жалғасы, осы емес пе?

Арман сезім әкетер, сені алысқа,

Махаббаттан мас болсаң, бұл да бақыт, емес пе?

Қайта орал деп жалынба, керегі жоқ,

Оралғанмен ендігі, сезім басқа.

Өрт сезімнен кешегі, қалсада шоқ,

Шоқта, от боп жанады, үміт болса.

Бұрқыраған тағдырды, кінәлама,

Кім ұғыпты сезімнің, барлық мәнін.

Жүрегіңе, қайта қонар шұғыла,

Үніменен өзгертіп, өмір сәнін.

Маржан болып шашылсын, мейлі жасың,

Кернеп жатсын кеудеңді, сағынышың.

Кек сақтама, жүрегіңді ауыртып,

Күндеріңді өткізбе, мұңға малып.

Сезім, досым, бір күні самғатады,

Ал болмаса жылатып, құлатады.

Махаббаттың, бірақ заңы осындай,

Бірде келіп, бірде кетеді, сұрамай.

1
0
501

Осы тақырып бойынша