«Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы
Ағымдағы жылы ауданда «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 10 маманға тұрғын үйге 43,8 млн.теңге сомасына бюджеттік кредиттер ұсынылды және 30 маманға 8,8 млн.теңге сомасына бір жолғы көтерме жәрдемақы төленді.
Салалар бөлінісінде жалпы келген мамандар қатарынан білім беру саласына - 26 адам, денсаулық сақтау саласына - 13 және агроөнеркәсіптік кешен саласына - 1 адам тартылды.
Аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы 183 қаулысына сай жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы төлеу және айлық есептік көрсеткіштің бір жарым мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада, он бес жылға дейінгі мерзіммен, 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит ұсыну түріндегі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары көзделген (2021 жылға АЕК – 2 917 теңге, 10
