«Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері»
2014 жылдың 24-маусымында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дінтану сараптамасын жүргізудің мәселелері мен міндеттері» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Агенттіктің дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру.
Дөңгелек үстелдің міндеттері:
- дінтану сараптамасы жөніндегі теориялық және тәжірибелік мәселелерді талқылау;
- дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- дінтану сараптамасын жүргізудің тетіктерін әрі қарай жетілдіру бағытында ұсыныстар әзірлеу.
Аталған шараға мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, дінтанушы ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, ізденушілер мен БАҚ өкілдері қатысады.
Басталу уақыты - 10.00.
Қатысушыларды тіркеу - 09.30-10.00.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазжол Астана» қонақ үйі, Балқантау көшесі, 213 (Б.Момышұлы даңғылының қиылысы).
