«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құқық қолдану практикасының мәселелері»
2014 жылғы 27 маусымда Қарағанды қаласында «Достар Әлем» қонақ үйінде ҚР Дін істері агенттігі, Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы және БҰҰ Жоғарғы комиссары басқармасының адам құқықтары жөніндегі Орта Азия бойынша аймақтық бөлімшесімен бірлесіп, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құқық қолдану практикасының мәселелері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің жұмысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, діни және қоғамдық бірлестіктердің басшылары, үкіметтік емес сектор, ғылыми және сарапшылар қауымдастығы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының қолдану практикасы мен жүзеге асырылу барысы туралы мәселелерді түсіндіру.
Іс-шараның ашылуында құттықтау сөзімен Астанадағы ЕҚЫҰ орталығының басшысы Наталья Зарудна және Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жанар Бекбанова сөйледі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын іске асыру жөнiндегi баяндамасымен
ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов баяндама жасады.
Ол өз баяндамасында жаңа Заңның іске асырылуы ойдағыдай жүргізілгенін және онымен байланысты үміттер жүзеге асырылғанын атап өтті. Баяндамашының айтуынша, құқық қолдану практикасы қалыптастырылып, ол болашақта алдымызға жаңа мақсаттар мен міндеттер қоюы мүмкін. Жалпы мемлекеттік органдар тарапынан іске асырылатын қадамдар қоғамның үмітін ақтап, халықтың және сарапшылырдың қолдауын алуда.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор өкілдерінің баядамалары барысында құқық қолдану практикасының нақты деректері және жергілікті жерлердегі тәжірибе талқыланды.
Жалпы, іс-шара қатысушылары, мемлекеттік органдардың дін және діни сенім бостандығы саласындағы құқық қолдану практикасы бойынша жұмысын әсіресе өңірлік деңгейде жетілдіру қажеттілігін атап өтті. Бұл ретте, негізгі назарды заңнама нормаларының түсіндірілуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға аудару қажет екендігі атап өтілді.
