Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу

2021 жылы 7 қаңтарда Саран қаласының Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшеcі, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттылығына кандидат Адамбеков Тілекте Серікбайұлы діни бірлестіктер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы, Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы және Саран қаласындағы дін және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Кездесуді ашқан «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтап, еліміздің ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім арқылы жеткен көптеген маңызды жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге арнайы келген қонақтар - республикалық сайлауалды штабтың мүшелерімен таныстырды.

Тілектес Серікбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарына тоқталды. Талғат Бабашұлы бағдарлама аясында Саран қаласында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.

Сөз сөйлегендердің әрқайсысы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту екеніне басты назар аударды.

Іс-шараға қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Қала тұрғындарының атынан қалалық мешіттің имамы Мұхаметқали қажы Сапарғалиұлы, «Саран қаласының мәдениет үйі» КМҚК директоры Феоктистова Людмила Николаевна, қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат Баймағанбетов Өміржан Зейнешұлы сөз сөйледі.

Кездесу соңында келген қонақтар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында еліміздің дамуы мен гүлденуін мақсат еткен «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

7 января 2021 года в Доме культуры города Сарани состоялась встреча члена республиканского предвыборного штаба партии «Nur Otan», кандидата в депутаты Мажилиса Парламента РК Адамбекова Тлектеса Серикбаевича с представителями религиозных и этнокультурных объединений. Во встрече приняли участие член республиканского штаба Адамбеков Тлектес Серикбаевич, кандидат в депутаты областного маслихата Утеубаев Талгат Бабашевич, кандидаты в депутаты городского маслихата Баймаганбетов Омиржан Зейнешович, Тажибаева Нургуль Сабитовна и члены религиозных и этнокультурных объединений города Сарани.

Открывая встречу, первый заместитель председателя Саранского городского филиала партии "Nur Otan" Тажибаева Нургул Сабитовна поздравила православных христиан с праздником Рождества Христова и отметила многие важные достижения нашей страны, достигнутые через общий мир, единство, межконфессиональное согласие.

Тлектес Серикбаевич остановился на основных приоритетах предвыборной программы партии. Талгат Бабашевич доложил о работе, проводимой в рамках программы в городе Сарани.

Каждый из выступавших акцентировал внимание на том, что главная цель предвыборной программы партии "Nur Otan" – непрерывное улучшение качества жизни и благосостояния населения.

Участники мероприятия также поделились своими мыслями. От имени жителей города выступили имам городской мечети Мухаметкали кажы Сапаргалиевич, директор КГКП "Дом культуры города Сарани" Феоктистова Людмила Николаевна, кандидат в депутаты городского маслихата Баймаганбетов Омиржан Зейнешович.

В завершение встречи гости ответили на вопросы присутствующих, а также пригласили их проявить гражданскую активность и 10 января 2021 года проголосовать за партию «Nur Otan», целью которой является развитие и процветание страны.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
197

Осы тақырып бойынша