Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Дін - тәрбие діңгегі" атты дөңгелек үстел

Шараның мақсаты – діннің шығу тарихымен жастарды таныстырып, мәнін және оның қоғамда алатын орнын ұғындыру, діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу, рухани-адамгершілік тәрбие беру.

«Діни сауаты аз адамдар теріс ағымдардың соңынан ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе, жастар. Осы мәселелерді зерттегенде, діни сауатсыздық ең басты себеп екендігін анықтадық. Теріс ағымдар психологиялық тұрғыда алдау-арбау арқылы дегендеріне жетеді. Сондықтан жастармен осылай кездесіп, еркін сөйлесіп, алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізген жөн. Бүгінде осы кездесуді ұйымдастырып отырған «Jas Otan» ЖҚ алғыс білдіремін», – дейді теолог Е.Төлеш.

Кездесу барысында жастар ислам ақидасы және басқа да толғандырған сұрақтарын сұрап, дәйекті жауаптарын теологтан алды.

0
0
385

Осы тақырып бойынша

"Дін - тәрбие діңгегі" атты дөңгелек үстел - Yvision.kz