«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын түсіндіру жиналысы өтті
Деркөл ауылында қалалық мәслихат депутаты Калиев Есентай Гиниятовичтің қатысуымен «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын түсіндіру жиналысы өтті.
Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады. Жиында мәслихат депутаты биылғы үндеудегі осы сынды негізгі басымдықтарға кеңінен тоқталып, мән-маңызын түсіндірді
