«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдау
Жолдауды насихаттау бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, аудан бойынша насихаттау жұмыстары жүргізіле бастады. Жолдауды насихаттауға аудандық мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, Бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар ат салысуда.
Бүгінгі күні аудандық мәслихат депутаттары Меруерт Бигельдиева және Айжан Балажанова Қаскелең Мәдениет колледжінің ұжымымен кездесіп Жолдауды талқылау жұмыстарын жүргізді.
