ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Әділет департаментінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңамасын түсіндіру шарасы өткізілді

2017 жылғы 31 наурызда Батыс қазақстан облысының Әділет департаментінің ғимаратында әділет органдарының қызметкерлері арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинардың басты мәселесі ретінде Әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін сақтау талаптары қаралды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ибрашев Б.С. баяндама оқыды.