Әділбек Зайдуллинмен бірге Атырау қаласында тұратын бірнеше көпбалалы отбасына бардық.
Бүгін таңертең Әділбек Зайдуллинмен бірге Атырау қаласында тұратын бірнеше көпбалалы отбасына бардық.
Көпбалалы аналармен әңгімелесе отырып “Nur Otan” сайлауда жеңіске жетсе, қазақстандық отбасыларға қандай қолдаулар көрсетілетінін айтып бердік.
Қазақстандық көпбалалы, толық емес, ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиелейтін отбасылардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту аясында әлеуметтік кәсіпкерлік, отбасылық еңбекпен қамтуды дамыту бойынша шаралар қабылданады.
Тұрғын үй мәселесін шешу үшін 977 мың отбасыға, соның ішінде 284 мың көпбалалы және күнкөріс деңгейі кедейлік шегінен төмен отбасыларға, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға, жетім балаларға арналған 103 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады.
Отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақылар бойынша барлық міндеттемелер мүлтіксіз орындалады.
Отбасыларды, соның ішінде көпбалалы отбасыларды қолдау, іргесін нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі.
Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау көрсету дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады.
