«Digital agent» мобильді қосымшасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігімен«Digital agent» (Цифрлық агент) мобильді қосымшасы іске қосылған. Аталған мобильды қосымшаның ерекшелігі қызмет алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалай алады.
Ол үшін «Play Market» және «App Store» сервистік бағдарламалары арқылы мобильді қосымшаны жүктеп, орнатылғаннан кейін тіркеуден өту қажет. Содан соң, бағалайтын қала мен мекемені таңдайды. Бағалау жолданғаннан кейін Агенттіктің тиісті аумақтық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары өз құзыреті шегінде әрекет етеді.
Бүгінгі таңда қызмет алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, қала және аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен сондай-ақ, қала және аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалай алады.
Енді әрбір азамат көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша кері байланыс бере отырып, мәселесін шеше алады.
***
В целях повышения качества оказания государственных услуг Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы запущено в действие мобильное приложение «Digital agent» (Цифровой агент). Преимущества данного приложения в том, что услугополучатель в режиме реального времени имеет возможность оценить качество оказания государственных услуг.
Для этого нужно скачать приложение через сервис «Play Market» и «App Store». После установки приложения, необходимо пройти регистрацию. Затем выбрать город и организацию, которую хотели оценить. После отправления запроса территориальное подразделение Агентства соответствующего региона будет реагировать в пределах своих компетенций.
В настоящее время услугополучатели могут оценить качество оказания государственных услуг в Центрах обслуживания населения, управлениях государственных доходов в городах и районах, департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции, а также Центров занятости населения в городах и районах.
Теперь у каждого гражданина есть возможность дать обратную связь по оказанным услугам и решить свою проблему.
