«Девичник» — құрбылар кеші
Сүйген жарын кездестіріп отбасының ұйтқысы болатын, аяулы жар, ардақты ана болатын қалыңдық - үйлену тойынан кейін, негізінен үйде болады. Өзінің келіндік қызметін атқарады. Ал біздің елімізде келіннің қызметінен уақыт артылмайтыны белгілі. Келін атанғаннан кейін қыз баласы құрбыларымен кездесіп, қыдырып, көңіл көтере алмайды. Бойжеткен шағындағыдай емін-еркін жүруіде қиындайды. Сондықтан болар қыздар қауымы да той алдында құрбыларымен кездесіп, қызықты әрі көңілді кеш өткізуді қалайды. Бүгінде қыздар кешін өткізудің түрлі стилі, түрлі бағыты бар. Ұйымдастырушылар саны да күн санап артып, түрлі жаңалықтар енгізуде. Сылқым арулар да өз кешінің ешкімге ұқсамайтын айрықша, тың ойда жүзеге асқанын қалайды. Ол үшін өз идеяларын жүзеге асырып немесе кеш (девичник) ұйымдастырушыларының көмегіне жүгінеді. Кешті өткізуге байланысты арнайы рәсімдер реті қарастырылмаған. Сондықтан https://www.toibiznes.kz/kk/articles/other/devichnik
