Өңдеу өнеркәсібінің өсімі артады
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Сағынбек Асылбеков, Талғат Садуов, Гүлдариға Жұмагелдиева, Ұлбала Мұсаханова, Қанат Бекметов Кентау қаласының кәсіпкерлерімен кездесті.
ZOOM платформасы арқылы өткен жиында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, аудандағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, ауданның жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты.
Партия «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
- Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құрамыз. 2025 жылға Кентау қаласының өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,5%-ға арттырамыз – деді Сағынбек Асылбеков.
Әлеуметтік желілер арқылы өткен іс-шарада тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, саулауалды бағдарламаны түсіндірді.
Нақты істердің партиясы #NurOtan ға дауыс беріңіз ✓✓✓
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
