Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді
Бүгін, 23 желтоқсан күні Орал қалалық №20 сайлауалды штабында менің сенімді өкілім Айгүл Омарғалиқызы Жұмағазиева Деркөл кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 515 сайлау учаскесінің тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сайлаушылардың тарапынан қойылған сұрақтар, көтерілген мәселелер сайлаушылардың нұсқаулары ретінде хаттамаға жазылды.
