Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Депутаттық қызмет. Аманат орындалуда.

Депутаттық қызмет. Аманат орындалуда.

Биліктің өкілетті органдарына сайлау жүргізілген сәттен бастап аз уақыттың ішінде халықтың сеніміне ие болған депутаттар өз сайлаушыларына айтарлары көп. Сайлаудағы адал және бәсекелесті күресте жеңіп шыққан аудандық депутаттар халықтың аманаттарын орындауға батыл кірісті. Сайлау алды кездесуде сайлаушылардың берген аманаттарының біреуі де назардан тыс қалмайды. Әр көкейтесті мәселе өз жауабын табары анық. «Nur Otan» партиясының мүмкіндігі шектеулі жандардың оқшау өміріне өзгеріс әкеліп, олардың белсенділігін арттыруға серпіліс берген «Кедергісіз келешек» жобасы аясында көтеген жұмыстар атқарылуда.

Ол негізінен мүгедектерді тұрақты жұмысқа тұрғызу, мүмкіндігі шек­теулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау, қоғам мен бизнестің назарын мүгедектердің мәселесіне аударуға бағытталған ақпараттандыру жұмысын күшейту, мүгедектер құқығы аяқасты болмайтынын құқықтық алаң құруды көздейтін негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бұл күнде жұмысқа орналасуда мүгедектердің санын белгіленген 3% квотаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

“Nur Otan”партиясының аудандық филиалы әлеуметтік инфра­құрылымдардың мүгедектерге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында нысандарды құжаттау мен бейімдеу мони­торингі жұмыстары бойынша арнайы рейдтер өткізіп отырады. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.Аудан тұрғындарымен кездесуде аудандық мәслихатқа депутат ретінде тіркелген С.Байтеноваға аудандық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Кереев әлеуметтік қызметтер порталы туралы ұсынысын білдірген болатын.Бұл бағытта Светлана Ешматқызы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Қуанышұлымен кездесіп,басталған жұмыстың нәтижелігі,мүмкіндігі шектеулі жандардың мекеме жағаламауы үшін оңтайлы тұстары да зерделенді.Бүгінгі таңда ауданда

әлеуметтік қызметтердің біріңғай порталы енгізілді, мүгедектігі бар адамдар онлайн режимде қажетті жеке қажеттілік құралдарын ала алады. Биылғы жылдан бастап әлеуметтік портал арқылы 24 қызмет түрі бойынша ауданымыздың 34 мүмкіндігі шектеулі жандар электрондық түрде өтініш білдіріп міндетті гигиеналық құралдар мен тифлотехникалық құралдарды жергілікті Қазпошта арқылы тікелей алуда. 2 адам «Ақжайық» шипажайына демалып келді. Сонымен қатар аудан орталығында "Инватакси" қызметі жұмысын ұйымдастыру және аясын кеңейту мәселелері де ұсынылған болатын.Бұл бағытта

ауданымызда мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметі аудан орталығында қызмет атқаруда аталған қызметпен 16 мүгедек қолдануға құқылы оның (10 1-топ көру мүшесі зақымдалған мүгедектер және 16 жасқа дейін 6 бала). Күні бүгінге карантиндік шаралар нәтижесінде аталған қызметпен көп қолданбауда және де аясын ұлғайту мәселесі де карантиндік талаптарға сәйкес әзірге тоқтатылыста. Дегенменде жұмыстар жалғасатын болады.

Жалпы, депутат дегеніміз – халық қалаулысы. Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі билікке депутат арқылы жетеді. Ендеше халықтың сенімі деген – үлкен жауапкершілік . Кейде депутат болуды оңай көретіндер де кездесіп жатады.Негізінен,түсінген,білген жанға депутат болу деген бедел жинау емес, аманат арқалау,әр өтініштің артында адам тағдыры екеніне назар аудару.”Күнделікті жұмысымда тұрғындар тарапынан көптеген талап-тілектер,өтініштер түсіп жатады. Ауыл көшелерін жарықтандыру, тұрақты жұмысқа орналастыру, дипломмен ауылға бағдарламасына қатысу,құжаттарын реттеу секілді көптеген мәселелердің оң шешімін табуға көмектесіп,қайырымдылық шараларына да қолдау көрсетіп келемін.

Елдің әлеуметтік ахуалы халық қалаулыларының үнемі назарында болатыны анық. Кез келген мәселеге сергек қарау – депутаттың парызы. Сондықтан өз тарапымнан аудандық мәслихат депутаты ретінде аманаттарды орындауға бар күш жігерімді арнап келемін.”-дейді аудандық мәслихат депутаты Светлана Байтенова.#депутатхалыққалаулысы#NurOtan

0
0
208

Осы тақырып бойынша