ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Депутаттық фракциясының отырысы өтті

Бүгін Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Берік Амантайұлы Жанбаев және әкімшілік бюджеттік бағдарламалар,қоғамдық өкілдердің басшылардың қатысуымен депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қорғалжын аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын талқыланды.

Қорғалжын аудандық "Nur Otan" партиясы филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанбаев Берік Амантайұлы сөз сөйлеп, Сайлауалды бағдарламаның 7 негізгі басымдықтарын айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Жол картасын іске асыру мерзімі 5 жылды құрайды, іске асырудың басталуы-2021 жыл және аяқталуы-2025 жыл.

"Nur Otan" партиясының Қорғалжын аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының жол картасында жоспарланған іс-шараларды іске асыру үшін барлық шаралар қабылданатын болады, олар біздің ауданымызды әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті экономикамен және адамдардың жайлы тұруы үшін аумақпен серпінді дамитын болады.